Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

0

https://sputniknews.kz/images/1261/40/12614084.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/capital_life/20200127/12650999/Nur-Sultan-totenshe-zhagday.html

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті астанада төтенше жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді. Ауа райы қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылып, жолдар жабылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті астанада төтенше жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол әділет басқармасында тіркеуден өтті», — деді министрдің орынбасары Юрий Ильин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгін алты аймақ бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

«Оған, алдымен, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және басқа да жол жабылған аймақтар кіреді», — деді  Ильин.

Ильин төтенше жағдай режимін енгізудің бірнеше себебін атады. Олар:

  • халық тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің бұзылуы;
  • адамдардың жұмысқа және үйге уақытылы жете алмауы;
  • азық-түлік пен медициналық қызметтердің дер кезінде жеткізілмеуі.



sputniknews.kz