Нұр-Сұлтанда тоғыз қабатты үйден өрт шықты: 4 бала ауруханада жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Оқиға орнына алты минутта жеткен өрт сөндірушілер жалынды тез ауыздықтаған

НҰР-СҰЛТАН,  28 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 5 адам зардап шекті, оның төртеуі – бала, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

28 сәуір сағат 09.58-де Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі тоғыз қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетеді.

«Олар жеткенде 9 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің жатын бөлмесінде жиһаздар, төбе жабындысы жанып жатқан. Өрт шарпыған аумақ 8 шаршы метр. Жалын сағат 10.10-да ауыздықталды», — деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Пәтерде болған 31 жастағы әйел, 7 жасар ұл бала, 2 және 5 жасар үш қыз бала көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге барлығы 7 техника мен 26 адам жұмылдырылған.



sputniknews.kz