Нұр-Сұлтанда тегін білім беретін жеке мектеп ашылады

0
19

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Инвесторлар құрылысқа 3 миллиард теңге бағыттайды. Елорда әкімдігі мектеп астана меншігіне берілетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Елордада Бахрейн елінің инвесторларының есебінен жеке мектеп салынады.

«Бахрейн елінің кәсіпкерлері мектеп құрылысына 3,3 миллиард теңге бағыттайды. Жаңа оқу орнының арқасында қазіргі уақытта үш ауысыммен оқитын №72 мектептің мәселесі шешіледі. Бұл оқу орнында 3,5 мың оқушы оқиды», – деп жазылған астаналық әкімдік сайтында.

Елорда әкімдігі мектеп астананың коммуналдық меншігіне берілетінін айтты. Оқу тегін болады. Құрылысты 2021 жылы аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, әкімдіктің ақпаратына сәйкес, 2020 жылы елордада 12 мемлекеттік мектеп салу жоспарланып отыр. 2021 жылы тағы 12 оқу орны бой көтереді.

Осылайша, үш ауысымда оқитын мектептер мәселесі шешілмек.



sputniknews.kz