Нұр-Сұлтанда танымал дәмханада жарылыс болып, бір адам көз жұмды

0

Астанадағы танымал дәмханалардың бірінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Бүгін сағат 12:25 шамасында елорданың төтенше жағдай департаментінің кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне дәмхананың бірінде газ баллоны жарылғаны туралы хабар түскен.

«Өрт сөндіру есептоптарының келуі бойынша, үйдің ішінде бір қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған. Нәтижесінде ас бөлмесіндегі шатыр құлап түскен», — дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханадағы бір қыз үйінді астында қалып, оқиға орнында көз жұмған. Оқиға орнында ТЖД өкілдері, Апаттар медицинасы орталығының 21 құтқарушысы мен 5 техника жұмылдырылған.