Нұр-Сұлтанда таңдаулы тұрғын үйдің маңында автокран аударылды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Автокранның құлауы салдарынан адамдар зардап шеккен жоқ, бірақ жақын маңда тұрақта тұрған көлікке зақым келді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек — Sputnik. Нұр-Сұлтанда автокран аударылды. Оқиға бірінші қыркүйекте шамамен сағат кешкі бес кезінде Шарль де Голль көшесіндегі «Британ орамы» таңдаулы тұрғын үйіне жақын маңда болған.

«Автокранның құлауы салдарынан тұрақта тұрған KIA RIO көлігіне зақым келді. Зардап шеккендер жоқ. «Гарант сервис» ЖШС басшысына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 631-бабы ( Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және жол құрылыстарын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларында белгiленген өзге де талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік іс қозғалды», — деп хабарлады елорданың әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Шүпеков Sputnik Қазақстанға.

Шілде айының ортасында «Британ орамы» тұрғын үй кешенінде жойқын өрт болды. Оған шатырды жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамау себеп болды. Өрттің аумағы 600 метрді құраған, оны сөндіруге үш сағаттан астам уақыт кетті.

Тағы оқыңыз: Елордалық таңдаулы үй өрттен кейін қандай күйге түсті — фотодерек

Өрт салдарынан үйдің шатыры ішінара өртеніп кетті, сондай-ақ кешеннің мансарда қабатында орналасқан төрт пәтер зиян шеккен. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.



sputniknews.kz


Тегтер:Нұр-Сұлтан