Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлері 1 миллион теңгеден алады

0
31

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (405 адам) 75 мың теңгеден беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 1 миллион теңгеден алады.

Тоқаев: мамыр айындағы мерекелерді үйде атап өтуге тура келеді 

9 мамырға ақшалай төлемдер ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған.

«Қазіргі таңда елордада ҰОС 44 ардагері бар. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ҰОС мүгедектері мен қатысушыларының әйелдері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген барлық адам да бір жолғы ақшалай төлемдерді алады», – деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Атап айтқанда, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 75 мың теңгеден (405 адам), жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс жылдарында қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне – 32 500 теңгеден (3 529 адам) біржолғы ақшалай төлем қарастырылған.



sputniknews.kz