Нұр-Сұлтанда Шарын базарында өрт шықты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

18 0 0

https://sputniknews.kz/images/976/96/9769690.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/incidents/20191227/12390659/Nur-Sultan-Sharyn.html

Өрттің себебі анықталып жатыр. Тілсіз жаумен күресуге елордалық өрт сөндіру қызметінен қырық маман мен тоғыз көлік жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы Шарын базарында өрт болды.

Астаналық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 27 желтоқсан күні таңертең болған.

«Сағат 10.22-де өрт сөндіру бөлімшелері Алаш тас жолы, Шарын базары мекенжайына шықты. Оқиға орнына келген мамандар ангар типтес көкөніс павильоны ішінде тандыр нан пісіретін орын, 150 шаршы метр аумақты алып жатқан асхана өртенгенін анықтады», — деп хабарлады ведомство Sputnik Қазақстанға.

Сағат 11.00-де тілсіз жау ауыздықталды. Онымен күресуге елордалық департаменттің 40 маманы мен 9 техникасы жұмылдырылды. Өрт себебі анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тағы оқыңыз: Әуеде ұшып бара жатқан ұшақтан өрт шықты – видео



sputniknews.kz