Нұр-Сұлтанда сауда орталығы, емханалар мен сот ғимараттарына «мина қойылды» деген ақпарат тарады
Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер емханалар, сот ғимарттары, қонақүй мен сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 23 тамыз сағат 3:50-де «102» арнасына авиациялық қауіпсіздік инспекторы хабарласып, Әуежайдың электрон поштасына елордалық сот ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскенін айтқан.
«Сағат 9:11-де Park INN қонақ үйінің, емханалардың, сондай-ақ Mega Silk Way СОО ғимараттарында бомба жасыру дерегі туралы хабарламалар келіп түсті», — делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары тексеру жүргізген. Жарылғыш зат табылған жоқ.