Нұр-Сұлтанда қыз зорламақ болған ер адам ұсталды

0

Нұр-Сұлтанда қыз зорламақ болған ер адам ұсталды.

Оқиға 30 қазан күні кешкі уақытта Нұр-Сұлтанда болған. Байқоңыр ауданы аумағындағы күзетшілерге бір әйел келіп, белгісіз ер адамның 1995 жылы туған қызын зорламақ болғанын айтты. Қыз қорыққанынан айқайлаған кезде ер адам үйлердің арасымен қашып кеткен.

«Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бірге полиция қызметкері 20 минут ішінде күдіктіні ұстады. Б. есімді азамат Ақмола облысының 1972 жылы туған тумасы болып шықты», — деп хабарлады Ұлттық ұланнан.

Жәбірленуші күдіктіні таныды. Ұсталған ер адам Байқоңыр ауданының полициясына жеткізілді.

Азаттық рухы