Нұр-Сұлтанда қыз бала әкесінің көз алдында суға батып кетті (видео)

0

Елордада 13 жастағы қыз әкесінің көзінше суға батып кетті. Ер адам оны өз бетінше судан шығарып алмақ болған, деп хабарлайды “КТК” арнасы.

Сүңгуірлер қыздың денесін тауып, судың түбінен көтеруге екі сағатқа жуық уақыт жұмсаған. Есіл өзенінің бұл аймағына шомылуға тыйым салынған. Жердың батпақты боулы іздеу жұмыстарын қиындатқан көрінеді.

Қазір оқиғаның мән-жайын құтқарушылар мен полиция анықтап жатыр.

Белгілі болғандай, қыздың отбасы осы ауданға жақын жерде тұрады. Сол күні үш баласы бар әке өзенге серуендеуге шыққан. Суға батып кеткен отбасының үлкен қызы болған.

“Қарттар үйінің артында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар бұл жерді айналып өтіп, басқа жақтан жүрген. Ол жерлерде арнайы белгілер болған. Бірақ олар мән бермеген көрінеді”, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Аягөз Фазылова.