Нұр-Сұлтанда құрылыс нысаны карантинге жабылды

0
26

21 мамырдағы жағдай бойынша астанада 10 нысан карантинде. Қала бойынша барлығы 1 403 науқас тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Елорданың құрылыс нысандарының бірі карантинге жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, скрининг кезінде осы құрылыста істейтін инженерден коронавирус табылды. Осыдан кейін компанияның 600-ден астам қызметкері тест тапсырып шықты. Сол кезде тағы 63 адамда коранавирус анықталды. Олардың бәрін стационарға жатқызды. Құрылыс аймағы дезинфекцияланды.

«Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп күнде кәсіпкерлің нысандардың санитарлық нормаларын тексеріп отырады. Осы уақытқа дейін санитарлық нормаларды бұзған 25 нысан жабылды. Соның ішінде құрылыс компаниялары, дүкендер, кафелер, мейрамханалар бар. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар ашылмайды», – дейді әкімдік қызметкерлері.

Айта кетейік, 21 мамырдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда 10 нысан карантинде. Қала бойынша 1403 науқас тіркелген. 633 адам коронавирустан  мделіп шықты.150 кәсіпорын ескерту алды.



sputniknews.kz