Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады

Қысқа сілтеме алу
Оқыс оқиға елорданың сол жағалауында «Астана-Опера» театрының жанындағы нысанда болды
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанында кран құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға кеше таңғы сағат 09.24-те «Сенсата Парк» тұрғын үй кешенінде болған. Құрылыс нысанын «Sensata Construction» кәсіпорны салып жатыр.
Кран жүк көтеріп жатқан кезде құлаған.
Тағы оқыңыз: Қырсық әйел бұзылған эскалаторға мінемін деп аяғынан айырылды – видео
Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Кранда отырған адам ішінен шығып үлгерген.
Құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені Тұран даңғылында «Астана Опера» театры мен «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығының арасында орналасқан.
sputniknews.kz