Нұр-Сұлтанда құдықтағы метаннан уланған төрт жұмысшы көз жұмды   

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Нысанда барлығы қалалық су арнасының алты қызметкері жұмыс істеген  

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр — Sputnik. Елордада кәріз құдығында алты адам метаннан уланып қалды, олардың төртеуі көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.

  Қазақстанның ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайының артында төтенше оқиға болды.

Зардап шеккендердің барлығы «Астана Су Арнасының» қызметкері. Мәйіттер орталық республикалық құтқару жасағы сүңгуірінің көмегімен шығарылды. Құдықта биіктігі үш метр сұйықтық болған.   



sputniknews.kz