Нұр-Сұлтанда қазақстандық ақын Павел Васильевті еске алды

0

Павел Васильевтің 110-жылдығына арналған халықаралық фестиваль елордалықтарға қазақстандық ақынның шығармашылығымен танысуға мүмкіндік берді

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан — Sputnik. Нұр-Сұлтанда Павел Васильевтің шығармашылығына арналған халықаралық фестиваль өтті.

«Павел Васильевтің шығармашылығы бүгінгі күні аса өзекті және сұранысқа ие, өйткені оны қазақ және орыс мәдениетін біріктіре білген ақын деп айтуға негіз бар. Оның еркін аудармасының арқасында қазақ аңыздары, әндері, ертегілері миллиондаған орыс тілді адамдарға жетті, олар Ұлы даланың мол мәдени мұрасымен танысты», – деді ТМД істері жөніндегі агенттіктің Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Константин Воробьев.


©
Photo : РЦНК

ТМД істері жөніндегі агенттіктің Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Константин Воробьев

Көпшілік қонақтардың пікірінше, Павел Васильевтің өлеңдеріне жазылған ресейлік композитор және әнші Александр Градскийдің романстарының алғаш рет орындалуы Қазақстан астанасының мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды.

Бұдан бөлек, фестивальдің арнайы қонағы – украиналық белгілі филолог және әдебиеттанушы Елена Бураго Павел Васильевтің шығармашылығы туралы дәрістер оқыған.


©
Photo : РЦНК

Нұр-Сұлтанда Павел Васильевтің шығармашылығына арналған халықаралық фестиваль өтті



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз