Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланысын дамыту жайы талқыланды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастық үкімет деңгейінде мазмұнды бағдарлама жасау арқылы сапалы жаңа деңгейге көтерілмек

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссияның алғашқы отырысы ашылды.

Тараптардың кездесуі Ұлттық академиялық кітапханада үкіметаралық комиссияның отырысы қарсаңында басталды. Ресей делегациясын мәдениет министрінің орынбасары Павел Степанов бастап келді.

Шағын комиссияның жұмысына Россотрудничество басқармасы бастығының орынбасары Анастасия Миклина мен Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының директоры Константин Воробьев қатысуда.

«Біздің жұмысымыздың қорытындысы гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы толыққанды, мазмұнды бағдарлама болуы керек. Оны жүзеге асыру біздің елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті «Росконцерт» директоры Андрей Малышев.

 Ынтымақтастық жөніндегі Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысы 15 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Алдыңғы келіссөздер 2018 жылдың қазанында Қазанда өтті, тараптар сауда-экономикалық салада, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.  



sputniknews.kz