Нұр-Сұлтанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін

0

Астаналықтар санитарлық нормаларды сақтамаса, қалада қатаң карантинді қайта енгізу шарасы қарастырылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Астаналық әкімдік тиісті санитарлық талаптар сақталмайтын болса, қатаң карантин енгізілетіні туралы ескертті.

«Адамдар барлық жерде бетперде тағып жүруі тиіс. Егер талаптар сақталмаса, астана қайта қатаң карантин режимі болады. Қалыпты өмірімізге қаншалықты тез оралатынымыз тек өзімізге байланысты», – деді елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Әкімдіктің баспасөз қызметі санитарлық нормаларға бейжай қараған бірқатар нысан қайта жабылғанын айтты. Арасында құрылыс компаниялары, азық-түліктік емес дүкендер, мейрамхана мен дәмханалар (тапсырыс бойынша қызмет көрсету) бар.

Бұл нысандар санитарлы-эпидемиологиялық нормалардың сақталауын қамтамасыз еткенге дейін ашылмайды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз