Нұр-Сұлтанда қар жауып, боран соқты

0

1 мамыр қарсаңында елордада күтпеген жерден қар жауды. Тапа-тал түсте қапалақтап қар жауып, боран соғып кеткенде, астаналықтардың басым-көпшілігі жұқа пальто мен жеңіл күрте киіп жүрген еді

Бұдан бұрын Қазгидромет Нұр-Сұлтанда 30 сәуір күні жаңбыр және қар жауады, күн күркіреп, бұршақ түседі, көктайғақ болады деп ескерткен еді. Синоптиктер болжағандай, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Сынап бағанасы нөл градусқа дейін төмендейді.

Тағы оқыңыз: Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Тағы қай өңірде қар жауады?

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 30 сәуір мен 1 мамырда, сондай-ақ Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында сәрсенбі күні қар аралас жаңбыр жауып, кей жерде күн күркірейді, көктайғақ болады, төменнен соққан боран, дауыл соғуы ықтимал, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді, ұйытқуы — 23-28 м/с.

Ауа температурасы түнде 5-8 градус аяз болады.

Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

Тағы оқыңыз: Қазақстандағы әр мезгілдегі ауа райы — инфографика



sputniknews.kz