Нұр-Сұлтанда қай үйлер карантинге алынғаны белгілі болды

0

№1 автопарк, екі жатақхана, он кіреберіс пен үш медицина ұйымынан карантин алынды, дезинфекциядан кейін карантинге жабылған үйлер саны азаюы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. 16 сәуірдегі жағдай бойынша елордада коронавирустың таралуына байланысты 22 нысан карантинге алынған. Олардың арасында медициналық ұйымдар, тұрғын үйлер мен жатақханалар бар, деп хабарлайды қала әкімдігі.

«Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен Абылай хан – Рысқұлбеков – Мүсірепов – Мұстафин көшелері квадратында шектеу енгізілді. Периметр бойынша қоршау белгілері қойылды, полицейлер күзетіп жүр. Бұл учаскенің тоғыз үйі карантинге алынды», -делінген хабарламада.

Олар: Мүсірепов көшесі, 4,  7, 7/1, Рысқұлбеков көшесі, 4/1, 4/3, 16/1, 8а, Мұстафин көшесі, 21, 21/5.

Бұл үйлердің тұрғындарына далаға себепсіз шығуға тыйым салынады. Тек жақын маңдағы дүкенге баруға рұқсат етіледі, дәрі-дәрмекті тапсырыспен алуы керек.

Тағы оқыңыз: Босап қалған қала: карантиндегі Нұр-Сұлтанда не болып жатыр — видео

Әскерилер учаскеде дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Қысқа уақыт ішінде коронавирус жұқтырған науқастар Абылай хан – Рысқұлбеков – Мүсірепов – Мұстафин көшелері квадратында тұрған. Сол себепті аумақ карантинге алынды»,- деп түсіндірді әкімдіктен.

Барлығы Нұр-Сұлтанда 16 сәуірдегі жағдай бойынша 22 нысанда карантин енгізілді:

  • 4 – денсаулық сақтау нысаны,
  • 2 – жатақхана,
  • «Шарапат» қарттар үйі,
  • Ұлы Дала көшесі, 17/1, 38 көшесі, 10 үй, Е-10 көшесі, 2 үй, Бастөбе көшесі, 33, Сығанақ көшесі, 18/1, А.Чехов көшесі, 40, Мүсірепов көшесі, 7, Рысқұлбеков көшесі, 8а, Брусиловский көшесі,18, 187 көшесі, 20 үй, Иманов көшесі, 41,
  • Абылай хан – Рысқұлбеков – Мүсірепов – Мұстафин көшелері квадратында орналасқан үйлер.

№1 автопарк, екі жатақхана, 10 кіреберіс пен үш медицина ұйымынан карантин алынды. Дезинфекциядан кейін карантинге жабылған үйлер саны азаюы мүмкін, деп мәлімдеді әкімдіктен.



sputniknews.kz