Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратындар саны артып жатыр

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мамандардың айтуынша, вирус жұқтырудың басты факторы – маска тақпау, қоғамдық орындарда жеке гигиена мен ара қашықтықты сақтамау болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратындар қатары көбейіп жатыр. Бұл туралы астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазір пневмониямен ауыратындар саны өсіп жатқаны байқалады. Инфекциялық және провизорлық стационарларда жатқан пациенттердің 62 проценті – пневмониямен түскен науқастар. Ауру орташа, ауыр және ауыр түрде өтіп жатыр», – деді Қисықова онлайн брифингте.

Айтуынша, пневмонияның 70 проценті – бұл коронавирус инфекциясының асқынуы. Тек 30 пайызы ғана – вирустық-бактериалды пневмония.

Осы орайда ол азаматтарды сақ болуға үндеді.

«Коронавирус пандемиясы артта қалды деп айтуға мүлде болмайды. Вирус жұқтырудың басты факторы – маска тақпау, ара қашықтықты сақтамау, қоғамдық орындарда гигиена сақтамау», – дейді ол.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусқа қарсы қорғанысы күшті қан тобын анықтады

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда 2 620 адам індетке шалдықты. Оның ішінде 1 829-ы емделіп шығып, он төрт адам қайтыс болды.



sputniknews.kz