Нұр-Сұлтанда Панфиловтың ескерткішіне гүл шоғы қойылды

0

Сенбі күні таңертең дипломаттар мен ардагерлер Ұлы Отан соғысының батырларын еске алу үшін Панфилов ескерткішінің маңына жиналды

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Елордадағы «Жерұйық» саябағында генерал-майор Иван Панфиловтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Ресей елшілігі, Сауда өкілдігі, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, «Ростех» мемлекеттік корпорациясы мен Кеден қызметінің қызметкерлері Кеңес Одағы батырының ерлігін құрметпен еске алды.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин (ортада)

Гүл шоғын қою рәсіміне Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстандағы соғыс ардагерлері, Қазақстан қорғаныс министрлігінің, елорда әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның Қазақстандағы елшіліктерінің қызметкерлері шақырылды.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Алексей Бородавкин: «Біз бүгін Мәскеуді қорғап қалған батырлардың ерлігін құрметпен еске алып отырмыз»

«Бүгін біз өз өмірін қатерге тігіп, Мәскеуді қорғап қалған батырлардың ерлігін құрметпен еске алып отырмыз. Егер де 1941 жылы панфиловшылар Мәскеуді, біздің Отанымызды қорғап қалмағанда, 1945 жылы жеңіске жетпейтін едік десем артық айтқандық болмас», — деді Ресей елшісі.


©
Sputnik / Владислав Воднев

«Панфиловшылар Отанды қорғап қалмағанда, 1945 жылы жеңіске жетпейтін едік», — Алексей Бородавкин.

Гүл шоғын қою рәсімі Ресей мен ТМД-ның бірнеше елінде мерекеленетін Отан қорғаушылар күні өтті. Бұл мереке жыл сайын Ресейде 23 ақпанда тойланады.

Қазақстанда 23 ақпан мереке ретінде саналмаса де, елде бұл күнді атап өту дәстүрі сақталған.

Алексей Бородавкин қазақстандықтарды құттықтады.

«Қымбатты достар, мен сіздерді Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтаймын. Биыл біз бұл мерекені ерекше жағдайда атап өтіп жатырмыз. Өйткені 9 мамырда біздің елде, бауырлас елдерде Ұлы Жеңістің 75 жылдығы кеңінен мерекеленеді», — деді ресейлік елші.

 



sputniknews.kz