Нұр-Сұлтанда ондаған адам жиналып, сайлауға наразылық білдірді

0
145

1 мамырда Нұр-Сұлтандағы «Астана» концерт залының маңында бір топ адам жиналып, билікке талап қойды. Жиналғандар «сайлауға бойкот», «әділ сайлауды қалаймыз», «Бізге сайлау керек емес», «Қазіргі билікке қарсымыз», деп айғайлады. Жиналғандар қала атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуге қарсы шықты.

Жиналғандардың жанына Сарыарқа ауданы әкімі Ерғали Егемберді «заңсыз митинг өткізуге болмайтынын» ескертті. Халық әкімді тыңдамай шулап қоя берді.

Жаңалық толықтырылып жатыр

Azattyq