Нұр-Сұлтанда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезі басталды
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі жұмысын бастады, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр.
Съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысуда.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралады: 1. Партияның Төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.