Нұр-Сұлтанда моншадан әйел адамның мәйіті табылды
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Екінші топтағы мүгедек әйел елордадағы монша кешенінің біріндегі бассейнде тұншығып мерт болған
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Астаналық «Керемет» моншасының бассейнінен әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.
Әйел монша кешеніне бейсенбі күні кешке келген. 19.10-да бассейннен оның жансыз денесі табылып, оқиға туралы дереу полицияға хабарланған.
51 жастағы марқұмның екінші топтағы мүгедек екені («эпилепсия» диагнозымен) анықталды.
Ол монша кешенінде анасының сүйемелдеуімен болған.
Оқи отырыңыз: Қостанайда әйел моншада тірідей өртеніп кетті
Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.
sputniknews.kz