Нұр-Сұлтанда мектептің мас күзетшісі ата-аналарды шошытты (ВИДЕО)
Нұр-Сұлтанда мас болып қалған мектеп күзетшісі видеоға түсіп қалды.
Куәгерлердің айтуынша, видео Интернациональный ауылында (Учхоз) № 44 мектептің маңында түсірілген. Кадрда күзетші формасын киген ер адамның мектеп ауласында теңселіп бара жатқанын көруге болады.
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, оқиға 12 қазанда болған.
«2020 жылғы қаңтардан бастап мектеп «Қорғау-2017″ күзет фирмасымен шарт жасасқан. Бұл фирманың күзетшісі Е. Аймұханов түскі үзіліске кеткен және содан мас күйде келген. Акт толтырылды, күзет фирмасымен шарт бұзылды», — деді басқармадағылар.