Нұр-Сұлтанда мектептен 175 адам эвакуацияланды (видео)
Жарылғыш зат туралы хабарламаға байланысты Нұр-Сұлтандағы жеке мектептен 175 адам эвакуацияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Полицияға 102 арнасынан 11.32-де қоңырау келіп түсті, бұл жарылғыш зат туралы хабарлама жеке меншік Astana garden shool мектебінің электронды поштасына жіберілген. Оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі жіберілді. 175 адам мектептен эвакуацияланды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ», — делінген хабарламада.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 2020 жылы осындай 10 қылмыс тіркелген. «Полиция қызметкерлері барлық қылмыскерлерді анықтап, ұстады. Барлық фактілер бойынша ұсталғандар әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», — деп толықтырды департамент.
View this post on Instagram