Нұр-Сұлтанда күнбағыс майы, қант пен күріштің бір тұтынушыға сатылуына шектеу қойылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Елордада күнбағыс және күріш, қант, қарақұмық секілді өнімдердің бір адамға сатылуына шектеу қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

супермаркет

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев мәлімдеді. 

«Аула ішіндегі шағын азық-түлік дүкендері штаттық режімде жұмыс істейді. Яғни, олардың жұмысына ешқандай шектеу жоқ. Азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер карантин кезінде жұмысын тоқтатады. Бұл мәселе кеше талқыланды. Министрлікпен бірге таяу күндері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне шекті баға белгілеу туралы шешім қабылданады. Азық-түлік қалаға кедергісіз жеткізіліп жатыр. Азық-түлік тиелген жүк, ең бірінші қажетті тауарлар тиелген көліктер үшін жасыл дәліз қамтамасыз етілген. Блок бекеттерде тауардың ілеспе құжаты, бағдар парағы, жүргізуші мен экспедитордң денсаулығы тексерілетін болады. Жеткізушілер алгоритмі мынадай – көлік қоймаға дейін барып, жүкті түсіргеннен кейін бірден шығып кетеді. Бағдардан қиыс кетуге болмайды. Әрбүр жүк онлайн режімде қадағаланып отырады. Ол үшін Сергек камерасымен ықпалдастырылған «Блок бекефт» мобильді қосымшасы іске қосылған», — дейді Ерлан Бекмырзаев. 

Бұған қоса ол азық-түлік өнімдерін сатуда шектеу қойылғандығын атап өтті. 

«Бұған қоса қант, күріш, қарақұмық сынды өнімдердің сатылымына шектеу қойылмақ. Яғни бір сатып алушының қолына аталған азық-түлік түрі тек бес килограммнан артық мөлшерде сатылмайды. Сондай-ақ  бір тұрғын тек бес литр күнбағыс майы сатып ала алады. Қоғамдық тамақтану орындары — дәмханалар, мейрамханалар мен асханалар толғымен жабылады. Десек те ол онлайн тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Басқа да бизнес нысандары жұмыстарын тоқтатулары міндетті. Тұрғындардың денсаулығы бірінші кезекте. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», —  деп қосты ол. 

 

stan.kz