Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел есін жиды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Зардап шеккен әйел есін жиды, бірақ науқастың жағдайы ауыр, жасанды тыныс алдыру аппаратынан ажыратылған жоқ, деп хабарлады дәрігерлер

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Күйеуі өртеп жіберген астаналық әйел есін жиды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі хабарлады.  

Айдалаға апарған: Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өртеп жіберді

«Науқас есін біледі, туыстарын танып жатыр. Денесінің 75%-ін термиялық күйік шалған, шұғыл түрде травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді, жәбірленушінің жағдайы жедел бүйрек және тыныс алу жеткіліксіздігі, күйіктік септикотоксемия салдарынан ауыр күйде қалып отыр», – деді баспасөз қызметінің мамандары.

Мекеменің мәліметінше, қазіргі уақытта науқас жасанды тыныс алдыру құрылғысымен дем алып жатыр.

Әйеліне бензин шашып, өртеп жіберді

Оқиға жексенбіде, 6 қазан күні болған. Полиция департаменті 43 жастағы ер адам әйеліне бензин шашып, өртеп жібергенін хабарлады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күйік шалған әйелді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы аумағындағы аялдамадан тапқан.

Оқиғадан кейін күдікті қамауға алынды, ол кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз