Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы қалай екені белгілі болды

0

Елорданың қонақүйлерінде екі мың төсек орынға шақталған карантиндік стационар ұйымдастырылып отырғаны айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Елордада коронавирус жұқтырған 25 адамның жағдайы жақсы, денсаулығы шағымы жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазіргі таңда барлық пациенттің жағдайы жақсы. Денсаулығына шағымы жоқ, дене қызуы қалыпты», – деді Қисықова астанада өткен брифингте. 

Ол індетке шалдыққан қазақстандықтардың жас шамасы қанша екенін айтты. 25 пациенттің 17-і немесе 68 проценті – 30 бен 49 жас аралығында. Төртеуі –  50 мен 59 жас, үшеуі – 18 бен 29 жас аралығында. Ал біреуі 14 жастағы бала.
Сонымен қатар, Қисықова елордада 19 наурызда тіркелген жеті науқасқа тоқталды. 

«Олардың біреуі 18 наурыздан бері вирус жұқтырған пациентпен жақын араласқан адам ретінде стационарда жатқан. Алты адам да коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болғаннан кейін стационарға жатқызылды. Үш пациенттің тамағы жыбырлап, құрғақ жөтел байқалды, екеуінің қызуы көтерілген. Қазір бәрінің жағдайы қанағаттанарлық», – деді ол. 

Ол пациенттермен араласқан барлық отыз адам табылып, ауруханаға жатқызылғанын айтты. Ал қалғандары үй карантиніне алынған. 

Барлығы 25 адаммен жақын араласқан адам 244 адам астана мен басқа өңірлерде стационарларға жатқызылды. Үй карантиніне 327 адам алынған. Дәрігерлер оларға күн сайын қоңырау шалып, жағдайын біліп тұрады. 


©
Sputnik / Стрингер.

Қалада инфекцияға қарсы жұмыс жүріп жатыр

Қисықованың айтуынша, елорданың қонақ үйлерінде карантинге алынғандарды қабылдайтын стационар ұйымдастырылғанын атап өтті. 

«Қаланың қонақ үйлерінде 2 000 төсек-орынға шақталған карантиндік стационар қарастырылған, бүгінде 1 200 дайын», – деді ол. 

Қазір бұл стационарларда 700 пациент жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз