Нұр-Сұлтанда көппәтерлі тұрғын үйлер дезинфекцияланып жатыр

0

Қаланың әлеуметтік нысандарында, әуежайда, вокзалдарда, базарларда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен жалпыға ортақ пайдалану орындары дезинфекцияланып жатыр. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында елорда әкімі Алтай Көлгінов осындай тапсырма берді.   


©
Photo : Официальный сайт акимата Нур-Султана

Көп қабатты үйлерде зарарсыздандыру жұмыстары басталды

Енді күн сайын кіреберістер, есіктер, лифтілер, сүйеніштер, терезе жақтаулары дезинфекцияланады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Қаланың әлеуметтік нысандарында, әуежайда, вокзалдарда, базарларда, сауда үйлерінде, сауда ойын-сауық және адамдар көп жиналатын орындарда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар автобустар мен коммуналдық қызметтердің машиналары да дезинфекциядан өтеді. Елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша шаралар қабылданды: жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Коронавирус инфекциясы анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді.



sputniknews.kz