Нұр-Сұлтанда көлік жуу ғимаратында тұрған 14 көлік өртеніп кетті

0

Астанада Алтынсарин көшесінде орналасқан «Батыр» көлік жуу бекеті өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, оннан астам көлік зиян шекті. Олар түні бойы көлік жуу ғимаратының ішінде қалған, деп хабарлайды Toppress.kz.

Куәгерлер өрт сөндірушілердің қызыл жалынды таңғы сағат 9-дан бері ауыздықтауға тырысып жүргенін айтты. Бастапқыда оқиға болған жерге 2 өрт сөндіру көлігі келді. Артынша оларға тағы 5 бірлік өрт сөндіру көлігі қосылды. Сондай-ақ, жедел жәрдем де келді.

Көрші үйлердегі тұрғындардың сөзінше, иесінің көлік жуу ғимаратын жүргізушілерге аязды күндері уақытша пайдалануға бергені белгілі болды. Бұған жабық паркингтердің жоқ болуы себеп.

Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Көлік жуу ғимаратының иесіне қатысты қандай шара қолданылатыны да анық емес.