Нұр-Сұлтанда ірі жол апаты болып, бір адам көз жұмды

0

Нұр-Сұлтан полициясы астана орталығында ірі жол-көлік апаты болғанын хабарлады. Бір уақытта төрт бірдей көлік соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы 2021 жылдың 15 қаңтарында болды. Құқық қорғаушылар мәліметінше, «Ваз 2106» рөлді басқара алмай алдымен Daewoo Nexia көлігімен соқтағысқан. Артынша ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota көлігімен соқтығысады.

Осыдан кейін инерция салдарынан «Ваз 2106» және Toyota автокөліктері Лада 21 726 көлігіне қарай ұшып кетеді.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ 2106» автокөлігінде отырған 28 жастағы жолаушы түрлі жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды», — деді полицейлер желідегі парақшасында.

Аталған фактіге сәйкес, оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр.