Нұр-Сұлтанда ежелгі орыс суретшілері шығармаларының көшірмелері көрмесі ашылды

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Василий Поленов және оның маңайындағы суретшілер» атты көрме экспозициясын Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында тамашалауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. «Василий Поленов және оның маңайындағы суретшілер» атты көрменің салтанатты ашылуы 4 наурызда Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығында (РҒМО) өтті.

Суретшінің 175 жылдығына және Ресей музейінің құрылғанына 125 жыл толуына арналған экспозицияда Василий Поленов атындағы мемлекеттік мемориалдық тарихи-өнер және табиғи музей-қорығы коллекциясындағы көрнекті орыс суретшілері шығармаларының 30 репродукциясы (көшірмесі) ұсынылған.


©
Photo : Российский центр науки и культуры в г. Нур-Султане

«Василий Поленов және оның маңайындағы суретшілер» көрмесі

Көрмеге В. Д. Поленов атындағы мемлекеттік мемориалдық тарихи-өнер және табиғи музей-қорығы топтамасынан В.Поленов, В.Васнецов, К.Коровин, И.Левитан, В. Маковский, С.Малютин, А.Репин, И.Шишкин, М.Ячунчиков жұмыстарының көшірмелері қойылды.


©
Photo : Российский центр науки и культуры в г. Нур-Султане

Юлия Богачева суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы дәріс оқыды

Сондай-ақ, суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы қонақ – белгілі өнертанушы, В.Д. Поленов атындағы мемлекеттік тарихи-өнер және табиғи музей-қорығының ғылыми қызметкері Юлия Богачева дәріс оқыды.

Көрме Кенесары көшесі, 39 үй мекен-жайында өтеді, ол 30 наурызға дейін жалғасады. Көрмеге кіру тегін.

Суретші Василий Поленов туралы не білеміз

Василий Дмитриевич Поленов, сурет өнерінің академигі, Ресейдің алғашқы халық суретшісі, лирикалық пейзаждардың майталман шебері ретінде өнер тарихына енді.

Оның шығармаларында орыс сурет өнерінде алғаш рет  «пленэризм» ашылды.

«Суретші өзінің өмірімен және шығармашылығымен өнерге адал қызмет ету және әлемді жақсартуға деген ұмтылыс арқылы кез келген күйзелістен аман өтуге болатындығын дәлелдеді», — деп атап өтті көрмені ұйымдастырушылар.  

 Ол 1877-1878 жылдардағы Орыс-түрік соғысының еріктісі болды. 1890 жылдары Борок үй-жайында ауылдағы алғашқы музейді ашты, ал 1920 жылдары жергілікті шаруаларға арнап «Әлемге саяхат» жеңіл театр-диорама құрады.

 Окская табиғаты Поленовке ғана емес, сонымен бірге оның көптеген шәкіртіне: кейінірек танымал болған А. Архипов, А. Головин, К.Коровин, И.Левитан, М.Нестеровке шабыт берді.



sputniknews.kz