Нұр-Сұлтанда ер адам жасөспіріммен төбелесті – видео

0
86

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Төбелес болған сәт аулалардың біріндегі кіреберістің жанына орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан аулаларының бірінде сәкіде уақыт өткізіп отырған жасөспірімдерге жұдырық ала жүгірген ер адам бақылау камерасына түсіп қалды. Әлеуметтік желілерде жарияланған видео тексеріліп жатыр, деп хабарлады полиция департаменті.

Бұл оқиғаны Facebook қолданушысы Алина Канасо «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында жариялады.

«Жасөспірімдер кіреберістің жанындағы орындықта отыр еді, ешкімге тиіспеді. Олар аулада жиі болады. Тәртіпті балалар, ішпейді, шекпейді, қоқсытпайды. Мүмкін бұл адамға бір нәрсе көрінген шығар, жасөспірімдердің біріне тап берді», – дейді видеоны жариялаған әйел.

Кадрда ер адам жасөспірімнің жағасынан алып, соққы жасайды. Жігіттің достары оған көмектеспек болады. Дегенмен төбелес кезінде шабуыл жасаушының өзі де жерге құлап, басын бақша қоршауына ұрып алған.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында ашынған халық әкімнің сөзін тыңдамай, төбелесіп кетті

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті әлеуметтік желіде жарияланған видео тексеріліп, қақтығысқа қатысушылардың жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.

«Тексеріс нәтижесі бойынша оқиғаға қатысушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады», – деді елорданың полиция департаменті.



sputniknews.kz