Нұр-Сұлтанда ер адам кешкі серуеннен үйіне кіріп бара жатқан мүгедек қызды зорлаған

Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауындағы «Мисон» тұрғын үй кешенінде ер адам мүгедек қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желіде оқиға куәгерлері түсірген видео тарады. Олардың айтуынша, 40-50 жас шамасындағы ер адам тұрғын үй кіреберісінде мүгедек қызды зорлаған.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұған қатысты түсініктеме берді.
“8 тамыз сағат 20&42-де «102» нөміріне тұрғын үй кіреберісінде қыз зорланғаны туралы ақпарат түсті. 29 жастағы қыз тұрғын үй ауласында серуендегеннен кейін кіреберіске кірген. Сол кезде екінші қабатта оны белгісіз ер адам зорлаған», – делінген хабарламада.
Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы ер адамды сол арада ұстаған.
Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.