Нұр-Сұлтанда ер адам әйелінің көзінше 10-шы қабаттан секіріп кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оқиға 15 сәуір түскі екілер шамасында болған, 63 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Елордада 63 жастағы ер адам көппәтерлі тұрғын үйдің оныншы қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

«1957 жылғы азаматтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әйелінің айтуынша, 15 сәуір 13.48-де күйеуі 10-шы қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кеткен», — делінген хабарламада.

Полиция департаменті қылмыстық іс аясында тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.



sputniknews.kz