Нұр-Сұлтанда екінші ауысымда оқитындар үшін сабақ болмайды

Елордада бұрқасын салдарынан екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлады білім басқармасы
НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты елордалық білім басқармасы таратты.
«19 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты (қатты жел мен жолдың нашар көрінуі) қала мектептерінде екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды», — делінген мәліметте.
Бүгін таңертең Нұр-Сұлтанда бастауыш сыныптар оқыған жоқ.
Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті дабылды ескерту жариялаған болатын. Қазгидромет мәліметіне сай, 19 қарашада қар жауып, бұрқасындатады, жел 15-18 м/с дейін күшейеді.
Сабақтың болмайтыны жайлы қайдан білеміз
Ескертуді білім саласындағы мемлекеттік органдар жасайды. Бірінші ауысым сағат 6:15-тен, ал екінші және үшінші ауысым сағат 12:15-тен бастап хабарландырылады.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер Қазақстанда 33°С аяз болатынын ескертті
sputniknews.kz