Нұр-Сұлтанда екі қытайлық коронавирустан көз жұмды деген ақпарат жалған — Біртанов — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған екі қытайлық туралы хабарламаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр Біртанов донор ретінде ағзасын беруге дайын екенін айтты

Министр қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және оған сеніп, елді дүрліктірмеуге шақырды. 

«Соңғы уақытта әлеуметтік желіде негізсіз хабарламалар көптеп тарауда. Бүгін, мысалы, Нұр-Сұлтанда екі қытайлық азамат індеттен көз жұмды деп айтылса, кеше Алматыда көптеген қытайлықтар осы аурудан емделіп жатыр деген өтірік мәліметтер таралған», — деді Біртанов. 

Бұған қоса ол министрліктің негізгі міндеті қазақстандықтарды аурудан қорғаумен қоса, рас ақпаратты дер кезінде халыққа жеткізу екендігін тілге тиек етті. 

Сондай-ақ елімізде алдағы уақытта мерекеге орай өткізілетін іс-шаралар кейінге қалдырылғанын және басқа да жиындарда бас тартылғаны аталып кетті. 

«Бір аптадан кейін барлығы жақсаратынын біз болжап біле алмаймыз. Сол себепті көпшілік жиналатын жерге баруға кеңес бермейміз. Тіпті, қазіргі жағдайға байланысты карантин жариялауымыз мүмкін. Осындай жайттардың алдын алу үшін біз түрлі жиындар, мерекелік концерттер мен шаралардан бас тартып отырмыз», —  деп қосты шенеунік. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 992 адам карантинде жатқандығы жайлы айтылған еді. 

stan.kz