Нұр-Сұлтанда екі қабатты жатақхана өртенді — Қазақстан жаңалықтары

0

16 ақпан күні кешке Нұр-Сұлтанда екі қабатты жатақхана өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өрт

Төтенше жағдай Күлтегін көшесіндегі екі қабатты жекеменшік жатақханада болды. Өрт шыққаны туралы сағат 21:37-де хабарланған.

Өртті сөндіруге елорданың төтенше жағдайлар департаментінің 26 қызметкері мен 7 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 22:44-те сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады.

Оқиға кезінде жатақханада тұратын 6 адамның ешқайсысына зиян келмеген. Олардың барлығы көрші жатақханаларға көшірілді.

stan.kz