Нұр-Сұлтанда далада жүгірген ер адам қамауға алынды

0
31

Ұсталған азамат елордада далада спортпен шұғылдануға рұқсат берілгенге дейін карантин режимін бұзған

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ер адам далада жүгіргені үшін 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты хабарлады.

Спорт әуесқойы карантинді 21 сәуірде бұзған. Жүгіруге және жаттығу жасауға тек 4 мамырдан бастап рұқсат берілді.

«Азамат карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», – деп жазылған Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайтында.

Ер адам далада жүгіріп, өзіне және басқаларға қауіп төндіргені анықталды. Қаулы заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Қызылорда тұрғыны карантинде ауызашар берді – полиция 5 адамды жауапқа тартты 

Бұған дейін елордада аралас жекпе-жектен промоутерлік компанияның президенті Анатолий Кимге айыппұл салынды. Ол 30 сәуірде Ботаникалық бақта спортпен шұғылданған. Ким жаттығуға тыйым салатын ресми құжат көрсетілмегенін айтып, кінәсін мойындамады.



sputniknews.kz