Нұр-Сұлтанда бүгін тіркелген 14 науқастың жағдайы айтылды – Қазақстан жаңалықтары

0
30

Нұр-Сұлтан қаласында бүгін тіркелген науқастардың жағдайы туралы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

«14 адамның барлығы бір рейспен келген жоқ. Бес адам – қаладағы инфекциялық блоктың стационарында жатқан. Қалған 9 адам – эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келген жолаушыларды тексеру барысында табылды. Оның ішінде 4 адам – Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз деп танылған Италия мен Оңтүстік Кореядан келген», – деді басқарма басшысы.

Сөзінше, алғашында ЖРВИ диагнозы қойылған бір науқастан коронавирус анықталып, карантинге жатқызылған. Ауруды жұқтырғандардан коронавирустың белгілері байқалмайды екен.

«Барлығының жағдайы қанағаттанаралық, клиникалық белгілер жоқ. Барлығы Нұр-Сұлтан қаласының көпбейінді медициналық орталығының инфекциялық стационарына жатқызылды», – деп қосты Қисықова.

Еске салайық, бұған дейін коронавирусқа шалдыққан 2 жасар бүлдіршіннің жағдайы туралы сөз болып еді.

stan.kz