Нұр-Сұлтанда бораннан кейін тонналаған қар ерітіліп жатыр – ғажайып машинаның видеосы

0
69

https://sputniknews.kz/images/1270/52/12705273.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/video/20200131/12705709/boran-qar-video.html

Нұр-Сұлтанда қар көп жауған кезде арнайы қар ерітетін қондырғылар пайдаланылады. Қондырғылардың қалай жұмыс істейтінін Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз

«Қондырғыларды 2016 жылы сатып алдық, содан бері қар көп жауған кезде ұдайы пайдаланылады. Қарды алыстағы полигондарға апарғанша, осы жерге әкелген тиімді. Осы жерде қарды ерітеміз. Кеше 4,5 тонна жанармай жұмсадық, 7-8 мың текше метр қар еріттік», – дейді «Астана Тазалық» ЖШС бас директорының орынбасары Марсель Ұзақов.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда үйінен шыға алмай қалған ауыл тұрғыны видео жариялады

Жылжымалы машина бір сағаттың ішінде 30 жүк көлігі әкелген қарды қабылдай алады. Бір ауысымда үш мың текше метрге дейін қар ерітіледі. Қондырғы дизель отынымен жұмыс істейді. Су тазарту құбырына жіберіледі.



sputniknews.kz