Нұр-Сұлтанда блок-бекеттерден өтпек болған 130-ға жуық азамат жазаланды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда карантин жарияланғаннан бастап блок-бекеттерге кіру және шығу тәртібін бұзғаны үшін 128 адам жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қалада жалпы саны 26 бекет орнатылған. Ондағы тәртіпті бұқзғандардың 99-ы қамауға алынып, 19 азаматқа айыппұл салынды, сондай-ақ, 10 іс сот қарауына жіберілді

«30 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі күшейтілді. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті инфекция таралуының алдын алу мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдауда. Патрульдік полиция жасақтары көбейтілді. Азаматтардың және автокөліктердiң қозғалысы қаланың барлық ауданында қатаң бақылауға алынды», — деді қалалық полиция департаментінде. 

Елордада тәулік бойы кезекшілік жұмыс істейді. Мобильді топтар жұмылдырылған. Блок-бекеттеріндегі жағдай дрондар арқылы бақыланады. 

Қала аумағы көшелер бойынша бірнеше бөлікке бөлінген. Онда тәртіп сақшылары жағдайды қадағалап отырады. 

Еске сала кетейік, Нұр-сұлтан қаласы тұрғандарына 28 наурыздан бастап азық-түлік алуға, медициналық қызметке жүгінуге немесе дәрі-дәрмек сатып алуға және арнайы рұқсат бойынша жұмысқа баруға рұқсат етіледі.

stan.kz