Нұр-Сұлтанда бір топ жүргізуші әкімдік алдына келді
19 маусымда кешкі сағат 18:30 шамасында «Астана такси» компаниясының бір топ жұмысшысы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі алдына жиналып, такси жүргізушілеріне арналған жаңа жүйенің енгізілуіне наразылық білдірді. Олардың айтуынша, 19 маусымнан бастап енген ресейлік жаңа бағдарлама жүргізушілер үшін өте тиімсіз. Біріншіден, бағасы қымбат. Екіншіден, бағдарламаның түсініксіз тұстары көп.
— Бұрынғы жүйе бізге өте тиімді. Себебі ол баяғыда шыққан. Ал жаңа жобаның кемшіліктері көп. Проценті де көп. Тапсырыстар түсініксіз. Олар бұрынғы жүйені қалпына келтірсін не жаңа жүйенің кемшіліктерін жойсын, — дейді Азаттыққа өзін Аркадий Аркадиевич деп таныстырған жүргізушілердің бірі.
Әзірге әкімдіктен ешкім шыққан жоқ.
(Жаңалық толықтырылады).