Нұр-Сұлтанда бір топ рэкетир қолға түсті

0
91

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қылмыстық топ мүшелері кәсіпкерді қорқытып, 27 миллион теңге қаражаты, қымбат көлігі мен жер телімін тартып алмақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында арнайы операция кезінде қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Елордалық кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған рэкетирлер 17 маусымда қолға түскен.

«Қылмыстық топ кәсіпкерге қоқан-лоққы көрсетіп, 27 миллион теңге қаражатын, Ақмола облысы Бурабай кентіндегі 10 сотық жер телімін және Mercedes Gelandewagen көлігін тартып алмақ болды», – деп ҰҚК мәлімет берді.

Тағы оқыңыз: Алматыда «Әлиев» ұйымдасқан қылмыстық тобы ұсталды

Құзырлы орган қызметкерлері атап өткендей, қылмыстық топ мүшелері суық қару мен жауынгерлік қару-жараққа ұқсас жалған қаруды кезеніп, кәсіпкер мен оның отбасының өміріне қауіп төндіріпті.



sputniknews.kz