Нұр-Сұлтанда білім беру басқармасы ата-аналардың оқушылармен бірге ҰБТ-ға келмеуін сұрады – Қазақстан жаңалықтары

0
40

Нұр-Сұлтанның білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова ата-аналарды оқушылар ҰБТ тапсыратын кезде оқу орындарының алдына жиналмауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұбт

Басқарманың мәлімтеінше, биыл елордада 6 515 оқушы мектеп бітіреді екен. Олардың 6199 (95%-ы) ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген.

Осы жылы ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Тестілеу өтетін орындарда қатаң санитарлық талаптар сақталады дейді жауапты азаматтар.

«Түлектердің ата-аналары мен жақындарына оқушылар ҰБТ тапсыратын кезде олармен бірге келмеуді сұраймыз. Осылайша біз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткіміз келеді», – деді басқарма басшысы.

ҰБТ 3 сағат 50 минутқа созылады. Бұл жолы сынаққа төртінші тоқсанда сабақта өтілген сұрақтар қосылмайды екен.

stan.kz