Нұр-Сұлтанда Беларусь елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елшіліктің жаңа ғимараты Беларусь президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға сапары аясында ашылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан — Sputnik. Қазақстанның астанасында Беларусь елшілігінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Дипломатиялық өкілдік Тәуелсіздік алаңының маңындағы елшіліктер қалашығында орналасқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ғимараттың ашылу салтанатына Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мен Беларусь премьерінің бірінші орынбасары Александр Турчи қатысты.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Беларусь Республикасының елшілігі

Скляр елшіліктің Беларусь президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға ресми сапарының қарсаңында ашылып отырғанын атап өтті.

«1998 жылы Беларусь елшілігі алғашқылардың қатарында елордаға көшіп келді. Осылайша екі елдің арасындағы көпжылдық достыққа берік екенін көрсетті. Бұған қоса, біз бұл қадамды Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің астанасын Алматыдан қазіргі Нұр-Сұлтанға көшіру жөніндегі бастамасына көрсетілген қолдау деп бағаладық», — деді Роман Скляр.

Оның айтуынша, 21 жылда елорда инфрақұрылымы дамыған, архитектурасы көздің жауын алатын заманауи мегаполиске айналды. Әрі қала тұрғындары мен қонақтарынің өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалып жатыр.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Беларусь Республикасының елшілігі

«Шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің жаңа ғимараттары бой көтеруде. Олардың қатарында енді Беларусь елшілігінің жаңа заманауи кешені де болады», — деді үкімет басшысының орынбасары.

Скляр Беларусь дипломаттарын «жаңа үймен» құттықтап, жемісті еңбек пен сәттілік, ал белорус халқына бейбітшілік, тыныштық пен үлкен жетістіктер тіледі.



sputniknews.kz