Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы тергеуге алынды
Қысқа сілтеме алу
1 мамырдан бері республика бойынша 118 қылмыстық іс тіркелген болса, оның басым бөлігі – пара алу, ұрлау, жымқыру және алаяқтық фактілері
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан әкімдігінде жұмыс істейтін басшыны тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Ол жер учаскелерінің ривизиясына бөлінген ақшаны жымқыруға қатысты бар деген күдікке ілінді. Осы жоба бойынша, шамаменн, 20 миллион теңге ұрланды», – деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, 1 мамырдан бері республика бойынша 118 қылмыстық іс тіркелді. Басым бөлігі – пара алу, ұрлау, жымқыру және алаяқтық фактілері. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының көбісі ішкі істер органдары, әкімдікітер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлеріне қатысты қозғалған.
Оқи отырыңыз: Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
sputniknews.kz