Нұр-Сұлтанда автобустардың жүру уақыты өзгерді 

0

Қалалық және экспресс бағдарларда автобустар саны 20 процентке, қала маңындағы бағдарларда 32 процентке қысқарады

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Елордада қала ішінде және қала маңына қатынайтын автобустар ертеңнен бастап кешкі сағат 21.00 дейін жүреді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС төрағасы Бекмырза Игенбердинов  мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Автобустардың жүру уақыты қысқарады. Ертеңнен бастап қалалық, экспресс, сондай-ақ, қала маңы бағдарлары сағат 21.00-ге дейін ғана жүреді», деді Игенбердинов астанада өткен онлайн брифингте. 

Сонымен бірге, оның айтуынша, карантинға байланысты 19 наурыздан бастап жолаушылар таситын автобустардың саны 856-дан 676-ға дейін қысқарады. 

Қалалық және экспресс бағдарларда автобустар саны 20 процентке, қала маңындағы бағдарларда 32 процентке қысқарады. 

Ол автобустарды, аялдамалар мен автобус парктерін дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. 
Соңғы екі үш күнде астанадағы автобустарда жолаушылар ағыны қырық процентке азайған.

Айта кетсек, 19 наурыздан бастап Қазақстан астанасы карантинге жабылады. Қалаға көліктердің кіріп шығуы шектеледі. 

Соңғы дерекке сүйенсек, елордада он сегіз адам коронавирус жұқтырған. Тағы он сегізі Алматы қаласында. Республика бойынша барлығы 36 пациент тіркеліп отыр. 

Түнгі 00.00-ден бастап Алматы қаласында да карантин енгізіледі. 

16 наурыздан Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды, ол 30 тәулікке созылады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз