Нұр-Сұлтанда автобус үш көлікпен соқтығысты

0

Жол апаты кеше таңертең Гете мен Біржан сал көшелерінің қиылысында болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Елордада жолаушылар автобусы үш автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты 1 мамыр күні сағат 10:02-де Гете мен Біржан сал көшелерінің қиылысында болған.

Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: депутат үкіметке сауал жолдады

№12 бағыттағы автобус аялдамадан шыға бергенде басқа №12 автобуспен соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар көлігінің газ басқышы істен шығыпты.

Кейін №12 автобусы қозғалысын жалғастырып, тұрақта тұрған үш көлікпен соқтығысқан. Салдарынан «Hyundai» маркалы шағын автобусқа, «Hyundai Н1» автокөлігі мен «ГАЗ 322132» шағын автобусына зақым келді.

«Адамдар қансырап жатты» — автобус апатынан зардап шеккен фельдшердің әңгімесі

«Hyundai» шағын автобусының жолаушысы «бастың жұмсақ тіндерінің жарақаты» диагнозымен ауруханаға жеткізілді.

Қазір бұл факті бойынша тексеріс жүріп жатыр.



sputniknews.kz