Нұр-Сұлтанда аудан әкімінің орынбасарына үкім шықты – видео

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елорданың «Алматы» ауданының әкімі пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда аудан әкімінің орынбасарына үкім шықты. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ақпаратына сәйкес, Тілеуов 5 миллион теңге көлеміндегі пара алды деген күдікке іліккен. Ол ақшаны «Алматы» ауданын жарықтандыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік сатып алулар келісіміне қол қойғаны үшін алған.

Тағы оқыңыз: Депутат 76 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды — видео

«17 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы №2 аудандық соты үкім шығарды. Тілеуов пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 3 жылға сотталды. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.

Бұған дейін шенеунік парамен ұсталған кездегі видео жарияланған болатын.



sputniknews.kz